Ақтөбеде әскери институттың курсанты қаза болды

Ақтөбеде парашюттен секіру бойынша оқу-жаттығу кезінде әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты қаза болды. Бұл жөнінде жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сүйенген Қазақпарат жазды.

Ресми ақпаратқа қарағанда, жаттығу кезінде әскери қызметкердің парашюті ашылмай қалған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүріп жатқаны хабарланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Алматы облысында жаттығу кезінде әскери қаза тапты