"Ресей жөнінде маңызды мәлімдеме жасаймын деген ойдамын", – деді АҚШ президенті Дональд Трамп 10 шілде күні NBC телеарнасына телефонмен сұхбат берген кезде.
Бұған қоса ол "Ресейден көңілі қалғанын" айтты.
Сұхбат барысында президент Трамп Ресейдің Украинаны нысанаға алған жаппай шабуылдары жалғасып жатқаны үшін Ресей президенті Владимир Путинді сынға алды.
Трамп Ресейдің энергетика ресурстарын сатып алып отырған мемлекеттерге қарсы санкциялар енгізуді көздейтін заң жобасын Конгрестің мақұлдағанын күтетінін айтты.
"Олар өте ауқымды әрі ауыр заң жобасын қабылдайды, алайда оны іске асыру не іске асырмау құқығы президенттің өзінде қалады", – деп нақтылады АҚШ президенті.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ АҚШ Украинадағы дағдарысты реттеудің "жол картасын" көргісі келедіБұған қоса президент Трамп НАТО елдерімен маңызды келісім жасалғанын хабарлады. Ол келісім аясында альянс елдеріне Украина армиясына жеткізу үшін америкалық қару-жарақты сатып алуға мүмкіндік берілмек.
"Біз НАТО-ға қару жөнелтеміз, ал НАТО бұл қаруды әрі қарай жеткізіп, оның ақысын төлейді", – деді Трамп.